Д.Абаев: Тоқаев – екінші  Назарбаев емес

/image/2019/10/18/crop-130_59_599x799_2019050221423729021_abaev.jpg

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына сұқбат беріп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді.

Сұқбат барысында журналист министрден Қазақстандағы қосүкімет жайындағы әңгімелерге байланысты көзқарасын сұрады.

Абаев Елбасы жуырдағы сұқбатында қосүкіметке қатысты қаңқу сөздің бәрін терістегенін айтты.

– Президенттің жұмысына Елбасы тарапынан ешқандай араласу жоқ, болмайды да. Оның барлығы конституциялық нормалармен шектелген. Екіншіден, Тоқаев – екінші  Назарбаев емес. Оның өзіндік басқару стилі, өзіндік көзқарасы бар. Сондықтан қосүкімет туралы әңгімелерді қозғаудың қажеті жоқ. Үшіншіден, Елбасының өзі атап өткеніндей, Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәселелерде тұңғыш президентпен кеңесіп тұрады. Оны Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі де айтқан, – деп түйіндеді министр.

Сондай-ақ бағдарлама барысында Елбасы сұқбаты, табысы төмен отбасыларға несие беруді шектеу, Араб шейхтарына дуадақ атуға рұқсат беру, қазақстандық БАҚ-та негативтің жиі жазылатыны сынды мәселелер сөз болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар